Балаларды профилактикалық тексеру және диспансерлеу ауруларды ерте анықтау үшін маңызды шара және баланың денсаулығы мен дамуын жан-жақты зерттеу болып табылады. Профилактикалық тексерулердің негізгі міндеті – аурулар мен функционалдық ауытқуларды дер кезінде анықтау, баланың физикалық және жүйке-психикалық денсаулығын бағалау. Қазақстанда кәмелетке толмағандарды профилактикалық тексерулер мен диспансерлеуді жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен реттерленген. Профилактикалық тексеру нәтижелері бойынша баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бақылау тактикасы жасалады, сонымен қатар денсаулық тобы анықталады.
13.02.2025 ж. Семей қаласының №4 емханасының дәрігерлеріне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында КЕАҚ «МУС» Семей қаласының ЖТД кафедрасының қызметкерлері, кафедра меңгерушісі, профессор А. А. Дюсупова, оқытушылар Г. Т. Камашева, Фаизова Р.И.,Терехова Т.И. 709 топ интерндерімен бірлесіп №18 мектепте оқушыларды профилактикалық медициналық тексеруді өткізуге қатысты.
Балаларыңызды табысты адамдар ретінде көру-әр ата-ананың арманы. Балаларға қойылған мақсаттарға жетуге көмектесу тек жоғары сапалы білім мен өмірдің жоғары деңгейін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар олардың денсаулығына саналы көзқараспен қарай білуіне тәрбиелеу болып табылады. Балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз!

