«Суицидтік мінез-құлық: диагностика» тақырыбында студенттермен кездесу

«Суицидтік мінез-құлық: диагностика» тақырыбында студенттермен кездесу

14.02.2025 жылы ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 1101, 1102, 1103, 1110, 1111, 1112, 1113, 2128 кураторлық топтардың студенттерімен бірге суицидтік мінез-құлықты диагностикалау тақырыбына арналған мәселелерін талқылады. Кафедра оқытушысы А.М. Есентаева өз-өзіне қол жұмсаудың жоғары қаупін көрсететін негізгі белгілер, оның ішінде көңіл-күй, мінез-құлық және қарым-қатынастағы өзгерістер туралы айтты. Іс-шараның мақсаты – студенттерге өздерінің эмоционалдық күйлеріне саналы қатынастың маңыздылығы туралы ақпарат беру, сонымен қатар стресстік жағдайлардан шығу дағдыларын дамыту. Басқалардың қолдауының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттерге өмірдегі қиын сәттерде өз-өзіне берілмеу және өз сезімдері туралы айта білу маңызды екендігі ескертілді.

 

ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология

және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы Ибраева Г.Р., Елькенова Б.З., Рахимгалиева П.С., Есентаева А.М., Орынбасарова Б.А.

Жарияланды: