2025 жылғы 13 ақпанда талапкерлерді тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында оқытушы Калиханова Гулим Даулетовна анатомиялық мұражайда №17 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушыларына экскурсия өткізді. Экскурсия барысында оқушылар мұражай экспонаттарымен танысып, оның тарихы мен университеттің өзі туралы сұрақтар қойды. Экскурсия мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды және олар факультет пен оқу мүмкіндіктері туралы көбірек білгісі келетіндіктерін білдіріп, талқылауға белсенді қатысты.

