Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы жүктілік қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, Өскемен қаласындаға Меновное орта мектебіннде СМУ Өскемен филиалы асисстенттері М.Қ.Жунусова, С.С.Ахметова , Ш.Д.Енсибаева, Р.Н.Ибрагимова және 734 топ интердерінің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, оқушыларға маңызды ақпарат берілді. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға репродуктивті денсаулық, ерте жүктіліктің салдары және оның алдын алу жолдары туралы түсіндіру. Дәрігер маман жыныстық сауаттылықтың маңызын, жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістерді және олардың психологиялық әсерін түсіндірді. Жасөспірімдік кезеңдегі денсаулық – бұл кезеңдегі ағзаның өзгерістері мен гормоналды өзгерістер туралы,ерте жүктіліктің салдары – физикалық және психологиялық тұрғыдан денсаулыққа тигізетін зияны жайлы , жыныстық қатынас және оның жауапкершілігі – бұл тақырыпта жасөспірімдерге отбасылық құндылықтар мен саналы таңдаудың маңызы түсіндірілді. Жүктіліктің алдын алу әдістері – заманауи контрацепция құралдары және олардың дұрыс қолданылуы туралы ақпарат берілді. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, дәрігерлерден нақты әрі сенімді жауаптар алды. Кездесу барысында жасөспірімдерге дұрыс ақпарат алу көздерінің маңыздылығы айтылып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керектігі ерекше атап өтілді. Қорытындылай келе, мұндай кездесулер жасөспірімдердің жыныстық сауаттылығын арттырып, оларды саналы шешім қабылдауға бағыттайды. Осындай ақпараттық шаралар жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алуға және олардың болашағына оң әсер етуге ықпал етеді.

