2025 жылдың 14 ақпанында «Жалпы медицина» мамандыңының 4114 топ студенттері,топ кураторы әскери кафедраның цикл бастығы, запастағы подполковник Мамыканов Р.Т. бірге Абай атындағы театрға «Айналайын» қойылымын тамашалауға барды. «Айналайын» спектаклі анаға деген махаббат, құрмет, жанашырлық пен отбасылық құндылықтарды ашып көрсетті. Бұл қойылымда ана бейнесі өмірдің барлық қиындықтары мен сынақтарынан өткен, балалары үшін барын беретін, олардың болашағына ұмтылған ерлік пен жанашырлық символы ретінде бейнеленді. Спектакльді көрген студенттер өмірдегі ең маңызды қарым-қатынас — ана мен бала арасындағы байланысты терең түсініп, оны бағалаудың маңыздылығын сезінді.
4114 тобының кураторы
Запастағы полковник Мамықанов Р.Т.

