2025 жылдың 15 ақпанында «Жалпы медицина» мамандығының 4114 тобы мен топ кураторы әскери кафедраның цикл бастығы, запастағы полковник Мамыканов Р.Т. бірге ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-батырларымызға тағзым етті.
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толып отыр. Осыған орай, ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш алдында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Бұл күн ардагерлерге алғыс айту, олардың қиындықтарға төтеп берген ерліктерін мойындау, сондай-ақ қоғамда патриотизмді нығайту үшін маңызды болып табылады.
Ауған соғысына 1979-1989 жылдар аралығында 100 000-нан астам кеңес әскери қызметшілері қатысты, олардың арасында Қазақстаннан 22 мыңнан астам адам жіберілгені белгілі.Оның ішінде 500-ге жуық адам Семей қаласынан болды.
Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі – болашақ ұрпақ үшін нағыз патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі. Бейбіт өмір – әр халықтың басты байлығы. Сондықтан бұл күннің басты сабағы – бейбітшілікті бағалау және тарихымызды ұмытпау.
4114 тобының кураторы
Запастағы полковник Мамықанов Р.Т.

