Оқушылар арасында тұмаудың алдын алу

Оқушылар арасында тұмаудың алдын алу

Жедел респираторлық инфекциялар халықтың амбулаториялық медициналық көмекке жүгінуінің ең көп тараған себебі болып табылады. Тұмау – бұл өте ауыр ауру, ол жұқпалы және асқынулардың даму мүмкіндігімен сипатталады. Тұмау вирусының антигендік құрылымының жоғары өзгергіштігі тұрақты иммунитеттің болмауына және вирустың жаңа патогендік штамдарға айналуына әкеледі.

2025 жылдың 29 қаңтарда Семей қ. “СМУ” КеАҚ ЖТД кафедрасы №15 ЖОББМ қабырғасында ата-аналар мен жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Мектеп отырысын кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупова, кафедра ассистенті А. М. Досбаева, Т.И. Терехова  ұйымдастырып, өткізді. Бұл семинар мақсаты респираторлық инфекциялардың, атап айтқанда тұмаудың алдын алудың негізгі шаралары болып табылады. 716 топтың интерндері тақырыпты слайд түрде дайындап, екпе туралы, жеке гигиена ережелерін сақтау, медициналық бет пердені немесе респираторды қолдану, ауруы ықтимал науқас адамдармен байланысын шектеу, иммунитетті қолдау сияқты алдын алу іс-шаралары туралы маңызды ақпарат айтылды. Алынған ақпаратты бекітіп, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, интерндерге алғыстарын білдірді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер