Семей медицина университеті көшбасшылар үштігінде

Академиялық адалдық лигасының рейтингісіне сәйкес, Семей медицина университеті жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік университеттердің үштігіне кірді. Академиялық адалдық лигасының рейтингі университеттің академиялық адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануының маңызды көрсеткіші екенін айта кеткен жөн. Бұл рейтингтегі жоғары позициялар университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен әкімшілік құрамы жұмысының жоғары деңгейде екенін, мұнымен қатар университет мәдениетінің этикалық стандарттарға…

Отан үшін от кешкен жауынгер

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2025 жылдың ақпан айында 3317 топ студенттерімен Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110жыл толуына орай   «Отан үшін от кешкен жауынгер» атты әскери-патриоттық шара   өткізілді.        Мәлік Ғабдуллин  — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Әскери…

Спикинг-клуб: шетелдік студенттер медициналық квизде бақ сынады

22 ақпанда ішкі аурулар және ревматология кафедрасында шетелдік бөлімнің студенттері үшін орыс тілі бойынша спикинг-клуб өтті. Бұл күні 451, 452 және 430 топтарының студенттері квиз форматында ұйымдастырылған шараға қатысты. Студенттер командаларға бөлініп, ревматологиялық ауруларды диагностикалау тақырыбы бойынша медициналық терминдерді қаншалықты жақсы білетіндерін сынады, сондай-ақ орыс тілінде өздері, қызығушылықтары мен отбасы туралы әңгімелеуді үйренді. Сабақты кафедраның…

“Аналар үйіне” бару

2025 жылдың 21 ақпанында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О және оқытушы Шакабаева А.А кураторлық тобы «Медицина» 2111 топ студенттерімен  қайырымдылық мақсатпен “Аналар үйіне” барды, оның ресми ашылуы 2019 жылдың 1 маусымында өтті. Аналар үйі жаңа туған нәрестенің қолында немесе жүктіліктің үшінші триместрінде қолдаусыз қалған әйелдер үшін 24/7…

Шетелдік бөлімі студенттерінің шаңғы базасына саяхаты

2025 жылдың 16 ақпанында физиологиялық пәндер кафедрасының кураторлары Ковалева Л.В. және Үсенова О.А. шетел бөлімінің 1 және 2 курс студенттеріне Семейдің шаңғы базасына саяхат ұйымдастырды. Шараға 1 курс кураторлары Шакирова Б.Т. (Жалпы білім беру пәндері кафедрасы), Елкенова Б.З.  (Молекулярлық биология кафедрасы), Ковилина Р.А. (Анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы) қатысты. 1 курс студенттері үшін бұл…