Семей медицина университеті көшбасшылар үштігінде

Семей медицина университеті көшбасшылар үштігінде

Академиялық адалдық лигасының рейтингісіне сәйкес, Семей медицина университеті жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік университеттердің үштігіне кірді.
Академиялық адалдық лигасының рейтингі университеттің академиялық адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстануының маңызды көрсеткіші екенін айта кеткен жөн. Бұл рейтингтегі жоғары позициялар университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері мен әкімшілік құрамы жұмысының жоғары деңгейде екенін, мұнымен қатар университет мәдениетінің этикалық стандарттарға бейімділігін көрсетеді.
2024 жылдың қараша айында «Семей медицина университеті» КеАҚ Академиялық адалдық лигасының стандарттарына сәйкестігіне мониторингтен өтті және мониторинг қорытындысы бойынша лига құрамына кіретін18 университет арасында жоғары нәтиже көрсетті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз