Алғыс айту күнімен!

Алғыс айту күнімен!

Құрметті әріптестер және білім алушылар! Қадірлі жерлестер!

1-Наурыз алғыс айту күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Маңызы зор осынау айшықты мейрамда ағылған тілектер мен төгілген лебіздер – тарихында талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткерген халқымыздың кеңпейілдік пен мейірбандық, бауырмалдық мен қонақжайлық сынды қасиеттерден тұратын болмысына деген құрметтің айқын белгісі! Мұнымен қатар, бұл күн бізге бір-бірімізге деген шынайы ризашылық пен алғыс білдіруге мүмкіндік береді. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірлігімізді нығайтып келеміз. Сіздер талмай еңбек ету арқылы еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрсіздер. Осы мүмкіндікті пайдаланып әрбіріңізге атқарған істеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, жаңа жетістіктерге жетуімізге тілектеспін. Береке-бірлігіміз нығайып елімізде игіліктердің арта беруін тілеймін!

Ізгі ниетпен, «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз