Әскери кафедра басшылығының бастамасымен «Ашық есік күні» жоспары аясында, 2025 жылдың 26 ақпанында әскери кафедрада «MEDICAL FOUNDATION» тыңдаушылардың танымдық сапары өтті.
Кафедра оқытушылары: запастағы полковник Р.Т.Мамыканов, запастағы медицина қызметтің подполковнигі Н.С.Смаилов, запастағы медицина қызметтің подполковнигі А.Т.Смагулов, запастағы медицина қызметтің подполковнигі И.Н.Шерстобитов, әскери кафедра бастығы медицина қызметтің полковнигі Ш.О.Орынбасаровтың басшылығымен келушілерге әскери кафедраның мақсаты мен міндеттерімен, оқуға қабылдау тәртібімен таныстырып, студенттер даярлайтын әскери мамандықтарға қысқаша сипаттама берді. Әскери-медициналық техника, қару үлгілері мен спорттық қару үлгілері көрсетілді.
«MEDICAL FOUNDATION» курсының тыңдаушылары үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, әскери кафедраның қызметі туралы толық ақпарат алды.
м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы. және «MEDICAL FOUNDATION» курсының оқытушысы Лауенова С.А.

