Денсаулық сақтауды цифрландыру кезеңінде медициналық мекеменің ақпараттық ортасында жұмыс істеуге болашақ медицина мамандарын даярлау медициналық білім беруді модернизациялаудағы өзекті бағыт болып табылады. Болашақ дәрігердің кәсіби құзіреттілігінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы біліктілік (АКТ құзыреттілігі).
Сіздерді 2025 жылдың 14 наурызында «Семей Медицина университеті» КеАҚ негізінде өтетін Семей қаласының медициналық колледждерінің студенттері арасында Абайдың 180 жылдығына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша қалалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Олимпиадаға медициналық колледж студенттері қатыса алады. Білім беру мекемесі екіден көп емес команданы ұсына алады, әр командадағы қатысушылар саны 5 адамнан аспауы керек. Командамен бірге жетекшісінің болуы маңызды. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы толығырақ ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады (1-қосымша).
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың оқу-танымдық қызметіне ынтасын арттыру, болашақ медицина мамандарында АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, медицинаны цифрландыру жағдайында өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау.
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі
Олимпиадаға қатысуға өтініштер (2-қосымша) 2025 жылдың 10 наурызына дейін келесі электронды поштаға жіберілуі керек: it.in.medicine@nao-mus.kz. Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады: Семей қ., Абай к-сі, 103, 213 каб.)