“8 наурыз” сынып сағаты

“8 наурыз” сынып сағаты

2025 жылғы 7 наурызда университет госпиталінің консультативтік емханасында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып сағаты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.К. Шаймарданов, профессордың м.а. Е.М. Смаил, “Жалпы медицина”факультетінің кураторлық 5318 және 5103 топтарының студенттері. Сынып сағатына университет госпиталінің консультативтік емханасының қызметкерлері шақырылды: консультативтік емхана меңгерушісі Р.Р. Нұрланова, физио-бөлімше меңгерушісі М.С. Адишева, проф-патолог Л.К. Сытдыкова, пульмонолог Р. О. Кабдуллина, офтальмолог И. Е. Омарбекова, гинеколог Н. Т. Масалимова, Ревматолог А.М. Берекенова, медбике А.К. Альясова
Сынып сағаты барысында бакалаврлар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихы туралы айтып берді. Бұл күн болды әйелдердің өз құқықтары үшін күресіне байланысты пайда болды. 1908 жылы 8 наурызда Нью-Йоркте әйелдер тең құқықты талап еткен алғашқы әйелдер митингісі өтті. Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша мереке 1919 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтіледі. Студенттер 8 Наурыз туралы әндер айтты, мереке тақырыбына арналған өлеңдер оқыды, шақырылған қонақтарға сыйлықтар ұсынды. Мерекелік іс – шара соңында қонақтар қатысушыларды көктем мерекесімен құттықтап, болашақ дәрігерлерге жақсы оқып, дәрігердің практикалық дағдыларын игеріп, таңдалған мамандық-медицинаға лайықты қызмет етулерін тіледі.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Категориясыз