«Ұлы Абай мұрасы!» бейнеролик байқауы

2025 жылдың 11 наурызында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай университеттің 1 курс студенттері арасында «Ұлы Абай мұрасы!» атты бейнероликтер байқауын өткізді. Шара барысында студенттерге қазақтың ұлы ақыны, ғұлама ағартушы Абай Құнанбаевтың дана ойлары мен ескірмейтін өлеңдерін тереңірек ұғыну үшін оның шығармашылығы мен мұрасына тағы бір тоқталып өтуге мүмкіндік берілді. Байқаудың мақсаты – студенттерге Абайдың ойларын түсінікті әрі тартымды етіп жеткізуге, Абайдың толғамдарын терең ұғынуға көмектесу; командалық жұмыс және идеяны жүзеге асыру дағдыларын дамыту және болашақ дәрігерлердің цифрлық дағдыларының деңгейін арттыру.

Ұсынылған бейнероликтер Жалпы білім беретін пәндер кафедра Instagram парақшасында жарияланған. Байқау жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, оның құрамына: Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебі деканының орынбасары Теміршенова Ш.Н., п.ғ.к., ЖББП кафедрасының доцент м.а. Жорокпаева М.Д., п.ғ.к., ЖББП кафедрасының доцент м.а. Мусатаева И.С. Байқау бейнематериалдары келесі критерийлер бойынша бағаланды: бейнеконтент, сөйлеу мәдениеті, дизайн стилі, сюжеттің өзіндік ерекшелігі және монтаждау сапасы.

Үздік бейнероликтің авторлары: 1505 Медицина тобының студенттері Ahmad Rather Ubaid , Muzamil Masood, Aslam Jazim 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

2-дәрежелі дипломдармен 1303 Стоматология тобының студенті Исатай Айым және 1124 Медицина тобының студенттері Құдиярхан Бақтияр, Баширова Дильназ, Жұмаханов Рамазан, Айымқанова Амина, Мақан Іңкәр, Қуанышқызы Шырын, Қайролдина Айзере марапатталды.

келесі қатысушылардың бейнероликтер 3 орынға ие болды: 1303 стоматология тобының студенттері Жүкенов Ерсаин, Нахатов Алибек, Рымбекова Балауса, Жолмырза Аяжан, Мейрам Нұрайым, Дүйсенова Дана, Махсұт Аружан, Солтанғазина Назгүл және 1301 Стоматология тобының студенттері Берікбол Әмина, Чомбалова Мадина, Зиядабек Тоғжан, Айтқазин Мухамедияр.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!!!

 

кафедра оқытушысы А.Д. Ғалымова,

доцент м.а. И.С. Мұсатаева