Студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын зерделеуге тарту, сондай-ақ осы заңнаманың білімін тексеру мақсатында 2025 жылғы 14 наурызда «QUIZ» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Университет қабырғасында «Семей медицина университеті» КеАҚ командаларының, сондай-ақ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Alikhan Bokeikhan University» Білім беру мекемесінің командаларының қатысуымен «QUIZ» ойыны өткізілді. Командалар барлық кезеңдерден сәтті өтіп, терең білім, тапқырлық және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Жарыс 7 турдан тұрды, әр тур 7, 12 сұрақтан тұрды. Командалардың зияткерлік жетістіктері ақшалай сертификаттармен, грамоталармен, естелік наградалармен әділ бағаланады.

