Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

«Семей медицина университеті» КеАҚ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы №410 Заңына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты Басшысының міндетін атқарушы бекіткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппаратында, ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметіне 2025 жылдың 7 сәуірінен 21 мамырына дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) «Семей медицина университеті» КеАҚ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«СМУ» КеАҚ
Комплаенс-офицері М.Т. Бейсембаев