Интерактивті бейне студияның ресми ашылуы

Интерактивті бейне студияның ресми ашылуы

Бүгін жаңа форматта конференциялар, семинарлар, вебинарлар, форумдар және т.б. өткізуге мүмкіндік беретін кәсіби жабдық орнатылған интерактивті бейне студияның ресми ашылуы және оны Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсуповке, оқытушылар мен мамандарға таныстырылымы өтті. Мультимедиялық студияда оқытушыларға заманауи әдістерді қолдана отырып сабақтар мен семинарлар өткізуге көмектесетін touchboard технологиясы бар интерактивті гибридті жарықдиодты тақта, компьютерлер, телесуфлер және басқа да техникалық құралдар бар.
Мультимедиялық студия құру университеттің ғылыми-зерттеу жұмысын дамытудағы жаңа кезең.
Интерактивті бейне студиясы инновациялық led тақтасы мен монтажерсыз бағдарламалық жасақтаманың арқасында кәсіби деңгейдегі бейне мазмұнын жасауға мүмкіндік береді. Бейне-студия жоғары технологиялық деңгейде іс-шараларды өткізу үшін оқытушыларға, бейне-сабақтарды, біліктілікті арттыру курстарын, презентациялық бағдарламаларды және т.б. дайындауға арналған цифрлық зертхананы ұсынады.