Ғылыми-практикалық конференциясының жабылу салтанаты өтті

Ғылыми-практикалық конференциясының жабылу салтанаты өтті

Бүгін б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Раисов Төлеген Қазезұлының 80-жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысумен білім алушылардың жыл сайынғы 67-ші студенттік ғылыми-практикалық конференциясының жабылу салтанаты өтті. Үш тілде, онлайн және оффлайн режимде ұйымдастырылған конференцияға Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің медициналық жоғары оқу орындарынан 100-ге жуық жас ғалым қатысты.
Ауқымды шара соңында модераторлар секциялар жұмысының қорытындысын жариялады. Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Дюсупов пен Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Нұржан Нұрахимов ғылыми еңбектері үздік деп танылған жас зерттеушілерді марапаттады. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.