“СМУ” КеАҚ волейболдан 3 – орын

“СМУ” КеАҚ волейболдан 3 – орын

Ағымдағы жылдың 9 – 12 сәуір аралығында Семей қаласының оқу орындары арасында “Спорт терроризмге қарсы” атты акцияға байланысты волейболдан қыздар арасында турнир өтті. Жарысқа “СМУ”КеАҚ қыздар командасы, ЖОО және колледждардан 9 команда қатысты. “СМУ”КеАҚ қыздар командасы АБУ командасынан ұтылып 3 – орынға ие болды. “СМУ”КеАҚ командасы қалалық және облыстық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, өз шеберліктерін тағы да растады. Дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары мен волейбол жаттықтырушысы С.С.Смагуловты жүлделі нәтижемен құттықтаймыз!

Рубрикалар: Категориясыз