10.04.2025 жылы ЖББП кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Батыр Бауыржан» тақырыбында Жалпыұлттық диктант өткізілді. Диктантқа 100 шақты орыс тобында оқитын студенттер қатысты.
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Батыр Бауыржан» тақырыбында Жалпыұлттық диктантты жазу маңызды әрі тарихи мәні бар іс-шара. Жалпыұлттық диктантты жазудың мақсаты – еліміздің тарихындағы елеулі оқиғаларды еске түсіріп, батыр бабаларымыздың ерлігін құрметтеу, жастардың отансүйгіштік сезімін ояту және мемлекеттік тілді насихаттау.
Диктант қорытындысы бойынша І орынды 1126 медицина тобының студенті Утенова Жанерке, ІІ орынды 1125 медицина топ студенті Балтаев Темірлан, 1229 медицина студенті Оспан Абай, ІІІ орынды 1232 медицина топ студенттері Хасенова Дильназ, Халел Исатай және 1229 медицина топ студенті Ондабаева Айдана иеленді.
ЖББП кафедрасының «Қазақ тілі» пәні оқытушылары: М.Д.Жорокпаева, Н.М.Абешова,Б.А.Жоргатаева