Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда!

2025 жылғы 17 сәуірде әскери кафедраның оқытушылар құрамы жалпы медицина мектебінің екінші курс студенттері арасында әскери кафедраға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда. Үгіт-насихат іс-шаралары барысында студенттерге конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі, өтініш беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі және дене шынықтыру даярлығының нормативтері жеткізілді. Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі  Ш.Орынбасаров

Таза Қазақстан

17-сәуір күні «Бейбітшілік» аралында «Таза Қазақстан» жобасы аясында Стоматология мамандығы 212 куратолық топ «Таза бейсенбі» акциясына қатысты. Іс-шара куратор Кайратова Гульназ Кайраткызы, Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысының жетекшілігімен өтті. Қоршаған ортаға қамқорлық таныту әркімнің міндеті!

Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау

2025 жылғы 12 сәуірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында университет көлемінде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Дюсупованың басшылығымен Семей қаласындағы ЖТД кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсене атсалысты. Сенбілік жұмыстары «Семей медицина университеті» КЕАҚ оқу корпустары мен жатақхана аумақтарын абаттандыру мен тазалауға бағытталды. Бөлінген жұмыс фронтына сәйкес, кафедра қызметкерлері — Беляева Т.М., Камашева Г.Т.,…

2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған

2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған “Алға қадам“ кәсіби шеберлік олимпиадасы–байқауы өтті.. Олимпиадаға түрлі жоғары оқу орындарының стоматология факультеттерінің студенттері қатысты. КеАҚ “Семей медицина университеті“ атынан 2 курс студенттерін қатысты: Копейкин Дмитрий, Бекетов Алексей,  және 3 курс студенттері Манаков Мерей және Чернова Карина. Күрделі шығармашылық сайыстан кейін біздің студенттер С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың атақты профессорлары арасынан берік және байсалды қазылар алқасының жоғары бағасын және таңданысын алып, тамаша теориялық және практикалық дайындықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша: Копейкин Дмитрий–1 орын, Бекетов Алексей–2 орын. Біздің студенттер жоғары кәсіби дағдыларын  және тамаша нәтижелер көрсетті. ҚазҰМУ Стоматология мектебінің деканы. С. Д. Асфендиярова кафедраның профессор–оқытушылар құрамы мен басшылығына алғыс хат жолдады.

Павлодар қаласында өткен үстел теннисінен турнир

Ағымдағы жылдың 10 – 11 сәуір аралығында Павлодар қаласында Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде  ҚР ЖОО арысында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге еліміздің 10 ЖОО командалары қатысты. “СМУ”КеАҚ студенттері Н.Ясінов, Н.Тлекин, Д.Жаркен 3 – орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды. Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, жаттықтырушысы А.М.Кыдырбаевты және студенттерді жеңістерімен құттықтып алдағы жарыстарға жеңіс тілейміз!