Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау

Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау

2025 жылғы 12 сәуірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында университет көлемінде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Дюсупованың басшылығымен Семей қаласындағы ЖТД кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсене атсалысты. Сенбілік жұмыстары «Семей медицина университеті» КЕАҚ оқу корпустары мен жатақхана аумақтарын абаттандыру мен тазалауға бағытталды.

Бөлінген жұмыс фронтына сәйкес, кафедра қызметкерлері — Беляева Т.М., Камашева Г.Т., Фаизова Р.И., Ахметова В.Т., Хисметова А.М., Жармұхаметова А.С., Терехова Т.И., Досбаева А.М. — Сеченов көшесі, 5А мекенжайында орналасқан №2 Студенттер үйі маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ал Қазымов М.С., Теміртасова Ж.О., Юрковская О.А., Балашкевич Н.А., Назирова Т.Р. университеттің Бас корпусы алдындағы гүлзарларды абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Туған қаламыздың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың саналы азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Адамның өз тіршілігіне жауапкершілікпен қарауы өмір сүруге қолайлы жағдайды қалыптастырып, оны тұрақты түрде сақтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану жолындағы бастамашыл, қоғамдық пайдалы еңбек — экологиялық мәдениетті арттыруға, әрі Тұрақты даму мақсаттарына жетуге қосылған шынайы үлес болмақ.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір