Семей медицина университетінің 1108 топ студенттері сенбілікке шықты

Семей медицина университетінің 1108 топ студенттері сенбілікке шықты

2025 жылдың 12 сәуір күні Семей медицина университетінің 1 курс студенттерінің 1108 тобы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Студенттер оқу орны аумағын және жақын маңдағы аумақтарды тазалап, көктемгі тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Іс-шара барысында студенттер қоқыс жинап, ағаш түптерін әктеп, университет айналасын ретке келтірді. Бұл шара студенттердің экологиялық сана-сезімін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.

Сенбілік жақсы көңіл-күй мен ұйымшылдық рухында өтті. Студенттер мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
1108 тобы
Жазған:Төлентай Жаннұр 1108 топ старостасы
Топ кураторы:Толкын Абдыгалымовна

Рубрикалар: Категориясыз