Вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша дөңгелек үстел

Вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша дөңгелек үстел

2025 жылғы 17 сәуірде Абай облысының Әуезов жедел және шұғыл көмек көрсету қосалқы станциясында вирустық ішек инфекцияларының алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті. Спикерлер өз сөздерінде вирустық ішек инфекциялары – бұл қоздырғыштары әртүрлі вирустар: ротавирустар, норо -, астро -, энтеровирустардың кейбір түрлері және басқалары болып табылатын өткір жұқпалы аурулардың көрінісі бойынша ұқсас топ екенін еске салды.
Бұл қоздырғыштардың таралуы барлық жерде, асқазан-ішек жолдарының жасушаларында көбейетіні, вирустар диарея мен құсуды тудыратыны және вирустардың кейбір түрлері тыныс алу жолдарына да әсер етіп, суыққа ұқсас белгілерді тудыруы мүмкін екендігі атап өтілді: жөтел, мұрыннан су ағу.
Дөңгелек үстел барысында вирустық ішек инфекцияларының клиникасы мен диагностикасы көрсетіліп, осы жұқпалы аурулардың алдын алудың маңыздылығына баса назар аударылды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Рубрикалар: Категориясыз