2025 жылдың 19 сәуірінде “Семей медицина университеті” КЕАҚ Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының 11 сынып оқушыларына арналған биология пәнінен XI Аймақтық Олимпиада өтті. Олимпиада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты-түлектердің, дәрігер мамандығына қызығушылық танытқан 11 сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру және ынталандыру, дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін және ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту, оларға кәсіптік бағдарлауға және медициналық жоғары оқу орындарында білім беруді жалғастыруға жәрдемдесу.
Ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру комитеті құрылды:
ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы:
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Мынжанов М.Р., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры;
Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Оразалина А.С., б.ғ.к., доцент, ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі;
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Ибраева Г.Р., биология магистрі, ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы;
Ғалымбеков Д.Ж., м.ғ.м., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
Есентаева А.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
Елькенова Б.З., биология бойынша п.ғ.м., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
Орынбасарова Б.А., м. ғ. м., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы.;
Рахимгалиева П. С., PhD., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы.;
Данешова А. М., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы.;
Каримова С.С., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы.;
Жумагелдина А.С., ҚР ҰҒА академигі Т. К. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының зертханашысы.;
КЕАҚ “МУС” “Medical foundation” бөлімі:
Толеубаева К.С., г.ғ.м., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің басшысы;
Ажарова А.К., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскері;
Кайгельдинова С.А., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскері
Қатысушылар облыстың әр түрлі аудандарынан Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары мен қалалары: Курчатов және Семей; Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан Өскемен қ.
Қатысушылар мен олардың мұғалімдері ресми тіркелгеннен кейін КЕАҚ “МУС” акт залында Олимпиаданың ашылу салатанаты болды. Олимпиаданың ашылуында КЕАҚ “СМУ” Басқарма Төрағасы – ректоры Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы құттықтау сөз сөйледі.
Білім басқармасының «Аймақтық инновациялық-әдістемелік орталығы» бөлімінің басшысы Г.Т.Төлеубаева құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиада бір кезеңде жазбаша тестілеу түрінде өткізілді, тесттерге орта мектептің биология бағдарламасынан келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілді: ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, жалпы биология, жалпы, медициналық генетика. Жазбаша тестілеу 1,2,3 деңгейдегі 50 сұрақтан тұрады. Барлық тапсырмаларды орындауға үзіліссіз 80 минут уақыт берілді.
227 қатысушы қазақ және орыс тілдерінде білімдерін сынады. Тестілеу аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жұмыстарды тексеріп, нәтижелерін анықтады.
Сондай – ақ, оқушыларға, оқытушыларға, ата-аналарға КЕАҚ “МУС” тематикалық оқу бөлмелері (жапон, пәкістан, үнді, қазақ, түрік бөлмелері, Астана бөлмесі, “Бейбітшілік және келісім” бөлмесі), сондай-ақ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының анатомиялық мұражайы мен тренажер бөлмелері бойынша шолу экскурсиялары ұйымдастырылды.
Олимпиаданың қорытындысын б.ғ.к., доцент, ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі Оразалина Айнаш Сапарқызы шығарды.
Пәндік олимпиада нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
Қазақ тілінде оқытатын оқушылар:
1-орын: Мұратбекова Әлия – 125 HIGH SCHOOL (Семей қ.),
2 орын: Абсалямов Нұрсұлтан – №10 мектебі (Аягөз қ.), Бошанов Санжар – 125 HIGH SCHOOL (Семей қ.);
3 орын: Ерқанатқызы Әсем – 125 HIGH SCHOOL (Семей қ.), Рамазан Ералы – Шыңқожа орта мектебі (Аягөз), Мейрамбекова Амина – 125 HIGH SCHOOL (Семей қ.), Мұхатай Нұрәлі – №27 мектеп (Семей қ.), Уйсіпов Жанат – SHAKARIM HIGH SCHOOL(Семей қ.); Екпін Айзат – Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылы, Сейфулин атындағы мектеп; Ақылжан Айзере – Шәкәрім атындағы №5 гимназия (Семей);
Ынталандыру орындары: – Утеуленова Назерке – 125 125 HIGH SCHOOL (Семей қ.); Камаданова Нұрай-125 HIGH SCHOOL (Семей қ.); Серікпосынов Аділжан – №30 мектеп (Семей қ.), Қалиева Ділда – №39 мектеп (Семей қ.), Сламбекова Жібек – №16 мектеп (Семей қ.).
Орыс тілінде оқитын оқушылар:
1 орын: Төлегенов Ибрагим – Экономикалық лицей (Семей қ.).
2 орын: Айгожин Руслан – SHAKARIM HIGH SCHOOL (Семей қ.), Дударь Александр – №4 мектеп (Семей қ.).
3 орын: Дүйсенғазиев Адлет – Бородулиха, Островский атындағы мектеп, Айдарханова Амина – Шар қ, Карелин атындағы мектеп, Алтынғазы Алмас – Өскемен қ, білім инновациялық лицей.
Ынталандыру орындары: Құмарова Айгерім – экономикалық лицей (Семей қ.), Дрепина Арина – №35 мектеп (Семей қ.), Кайырбеков Нұржалғас – Георгиевка орта мектебі (Қалбатау ауылы).
Олимпиаданың 1,2,3,4 орын жеңімпаздары университеттің қолдауымен ақшалай сыйлықтар және әрбір жеңімпазға 1,2,3 орынға дипломдар берілді, сондай-ақ әрбір қатысушы ұпай саны бар “қатысушы сертификатын” алды, және де барлық биология мұғалімдеріне оқушыны дайындағаны үшін сертификаттар берілді.
ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы барлық оқушыларға биология бойынша XІ Облыстық олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Университет басқармасына, ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына, “Medical foundation” бөлімшесінің қызметкерлеріне, “Медицина” мамандығынын (1101, 1102, 1103, 1110, 1111, 1112, 1113) кафедраның кураторлық топтарына, «Жалпы медицина» бағдарламасының 3 курс студенттері (3628, 3618 топ), осы іс-шараға жетекшілік ететін студенттер. Біз департаменттер мен бөлімдерге көмектері, техникалық қолдаулары және экскурсиялары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Орынбасарова Б.А., ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы