2025 жылғы 16 сәуір мен 29 сәуір аралығында «Семей медицина университеті» КЕАҚ-ның Жалпы тәжірибе кафедрасының доценті О.А. Юрковская академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ресей Федерациясының Рязань мемлекеттік медицина университетіне барып, педиатрия факультетінің 6 курс студенттеріне «Амбулаториялық және шұғыл педиатрия» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.
Сапары барысында Оксана Александровна оқу үдерісіне белсенді қатысып, студенттермен амбулатория жағдайындағы балаларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерімен, сондай-ақ Қазақстандағы педиатриялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ, О.А. Юрковская университеттік «Менің мамандығым – педиатр» атты олимпиадада қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, студенттердің кәсіби дайындық деңгейі мен мотивациясын жоғары бағалады.
Осы кезеңде «Шұғыл көмек және амбулаториялық педиатрия» кафедрасының доценті Елена Викторовна Стежкина 6 курс дәрігер-интерндеріне «Балалардағы аллергиялық аурулар» тақырыбында онлайн форматта сабақтар жүргізді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал еткені үшін «Семей медицина университеті» КЕАҚ ректоры Дюсупов Алтай Ахметқалиевичке шын жүректен алғысымызды білдіреміз.