Аналар күні мен күніне арналған семинар-тренинг

Аналар күні мен күніне арналған семинар-тренинг

2025 жылғы 6 мамыр күні «Стоматология» білім беру бағдарламасының студенттері үшін психолог Жакупбекова Э.А. Аналар күні мен Халықаралық отбасы күніне арналған семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызды рөлін ұлықтау, ананың мейірімі мен жан жылуын дәріптеу, студенттердің бойында отбасылық құндылықтарға деген құрмет пен ықыласты тереңдете түсу. Отбасы – адам өмірінің алтын діңгегі, ал ана – сол отбасының тірегі мен мейірімнің қайнар көзі. Сол себепті де бұл тренинг жастардың рухани тәрбиесін арттырып, олардың ішкі дүниесін байытуға бағытталды.
Семинар-тренинг барысында студенттер отбасы ұғымы жайлы өз ойларымен бөлісіп, жүректен шыққан әсерлі пікірлер айтты. Әрбір қатысушы анасына деген шексіз сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізіп, шынайы сезімдерін қағаз бетіне түсірді. Бұл шығармашылық жұмыс барысында салынған суреттерге аналарға арналған жүрекжарды тілектер мен алғыс сөздер қоса жазылып, олар электронды түрде аналарға жолданды.
Семинар-тренингтің тәрбиелік мәні зор болды. Студенттер үшін бұл тек қарапайым кездесу ғана емес, рухани серпіліс пен жылулыққа толы естелікке айналды.

Семинар-тренинг студенттердің жүрегінде аналарға деген ризашылық пен құрмет сезімін тереңдете түсті. Бұл мазмұнды кездесу — отбасы мен ана рөлінің маңыздылығын дәріптейтін, шынайы мейірім мен махаббатқа негізделген тағылымды басқосу болды.

Рубрикалар: Категориясыз