Аналар күні!

Аналар күні!

2025 жылдың 30 сәуірінде 1306 топтың «Стоматология» мамандығы бойынша 1 курс студенттерімен Аналар күніне арналған кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны куратор Букатаева А.Б. ұйымдастырды.

Аналар күні – аналарды және аналықты ұлықтауға арналған мереке. Әртүрлі елдерде әртүрлі күндері тойланатын бұл күн – аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықты білдіру мүмкіндігі.

Қазақстанда Аналар күні халықаралық дәстүрге сай мамыр айының екінші жексенбісіне ауыстырылған. 2025 жылы бұл күн 11 мамырға сәйкес келеді. Бұл мереке аналықтың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қоғам назарын аналарды қолдауға байланысты мәселелерге – денсаулық, білім және тең құқықтар тақырыптарына аударады. Мерекенің тарихи тамыры өте тереңде жатыр. Ежелгі Римде аналық құдайына арналған арнайы мереке болған.

Қазіргі заманғы Аналар күні АҚШ-та XX ғасырдың басында Анна Джарвистің бастамасымен ресми түрде бекітілген. Ол бұл күнді аналарға құрмет көрсету күні ретінде белгілеуді армандапды.

Рубрикалар: Категориясыз