2025 жылдың 30 сәуірінде «Стоматология» мамандығы бойынша оқитын 1306 топтың 1 курс студенттері үшін куратор Букатаева А.Б. ұйымдастырған «Халықаралық отбасы күніне» арналған кураторлық сағат өтті.
Халықаралық отбасы күні жыл сайын 15 мамырда аталып өтеді. 2025 жылы бұл күн бейсенбіге сәйкес келеді. Бұл мереке 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен отбасының қоғамдағы негізі ретіндегі маңыздылығына және отбасылардың өзекті мәселелеріне назар аудару мақсатында бекітілген.
Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл ұлттық мерекені енгізу туралы бастама алғаш рет 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия тарапынан ұсынылған. Бастапқыда Отбасы күнін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай атап өту ұсынылған болатын.
Алайда 2013 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа сәйкес, елімізде жаңа мереке – Отбасы күні ресми түрде бекітіліп, ол жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтіледі.