Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шара

2025 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты маңызды мереке қарсаңында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы мейіргерлік іс және жалпы білім беру пәндері кафедраларымен бірлесе отырып, университетішілік мәдени іс-шараға белсенді қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері арасындағы бейбітшілік, достық және келісімнің маңыздылығын атап көрсету болды.
Кафедралар украин ұлтын таныстырды. Арнайы безендірілген ұлттық дастарқан жайылып, оған дәстүрлі украин тағамдары қойылды, ал оның сәнін украин халқының ұлттық элементтері келтірді. Аспаздық көрмеден бөлек, кафедра студенттері сахнада шығармашылық номермен шығып, украин мәдениетінің байлығын паш етті. Олардың өнері көрермендер тарапынан ерекше қызығушылықпен және жылы қабылдаумен қарсы алынды.
Кафедра қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға қазақтар мен украиндар арасындағы тарихи байланыс пен достық туралы айтып берді. Сонымен қатар, өз сөздерінде Қазақстандағы көпұлтты қоғамда бірлік пен этносаралық келісімнің маңыздылығына да ерекше назар аударылды.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер