2025 жылғы 6 мамырда “Семей медицина университеті“ КЕАҚ әскери кафедрасында оқитын 4 курс студенттері мен оқытушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне арналған Семей қаласының әкімшілігі, “Шығыс“ өңірлік қолбасшылығының қолбасшылығы, Абай облысының прокуратурасы өткізген іс –шараға қатысты.
Салтанатты жиын Семей қаласының қалалық мәдениет үйінде өтті, Семей қаласы әкімінің орынбасары, “Шығыс“ РМҚК қолбасшысы, Абай облысының прокуроры құттықтау сөз сөйледі. Жауынгерлік дайындық үздіктері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның ұжымы мен қаланың би ұжымдары әскери жылдардағы әндерімен мерекелік концерт ұсынды.
Әскери кафедра оқытушысы медицина қызметінің подполковнигі И. Шерстобитов

