Халықаралық жастар байқауы – «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!»

Халықаралық жастар байқауы – «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!»

Құрметті студенттер! 🌍

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылатын «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты халықаралық байқауға қатысуға шақырамыз! 🎨🎬

Кімдер қатыса алады?
10-25 жас аралығындағы жастар. Байқауға қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбындағы идеяларыңызды, көзқарастарыңызды, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсететін шығармашылық жұмыстарды ұсынуға мүмкіндік бар.

Байқау номинациялары:

– Үздік постер (Графикалық тәсілмен, компьютерлік бағдарламалар, планшеттер мен стилустар арқылы орындалған. A3 форматы (297 х 420 мм), дұрыс пропорциялармен, 15 МБ-тан аспайтын өлшемде)
– Үздік сурет (Қолмен орындалған, сурет салуға арналған құралдармен – қарындаш, фломастер, бор, бояу, скетчмаркеры, сепия, сангина, көмір, тушь, капиллярлы қаламдар. A3 форматы (297 х 420 мм), дұрыс пропорциялармен, 15 МБ-тан аспайтын өлшемде)
– Үздік бейнеролик (mp4, разрешение не более 1920 х 1080, не более 300 Мб.)

Еліміздің қатысушылары үшін: Ұлттық конкурстық комиссия жұмыстарды іріктеп, жеңімпаздарды анықтайды.

Жеңімпаздарды марапаттау:
Конкурстың қорытындысы 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жарияланады. 🏆

Байқауға белсенді қатысып, адал болашақтың негізін бірге қалайық! ✊

Барлық сұрақтар бойынша: 87021403236 Камила