Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Сіздерді еліміздің егемендігінің айқын белгісі, ұлттық рухымыздың, тарихымыздың, тіліміз бен мәдениетіміздің айшықты нышандары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамның мәртебесі биік, мән-маңызы ерекше!
Көк байрағымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, жарқын болашаққа деген сенімін нығайтатын қасиетті құндылықтар! Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Баршаңызға мол табыс, бақыт, денсаулық, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор А.А. Дюсупов