«Абай сөзі-әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойыны

«Абай сөзі-әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойыны

28 мамыр 2025 жылы Абай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша бірге республикалық департаментімен бірге республиканың жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Абай сөзі-әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойыны өткізілді. Зияткерлік ойынның мақсаты- Хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығы арқылы адалдық, әділдік, парасаттылық сынды қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, қатысушыларды бірлікке, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, интеллектуалды орта құру. Зияткерлік ойынға республикамыздың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. КеАҚ СМУ-ң командасы «MedUse» атауымен шықты. Команда жетекшісі ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Мұздыбаева Толқын Абдығалымовна. Команда мүшелері Шадибекұлы Дамир – 5144 жалпы медицина, Әшірбай Бекжан – 5423 жалпы медицина, Бағзорова Аяулым -2218 Медицина мамандықта оқитын студенттер қатысты. Республикалық зияткерлік ойынның нәтижесінде КеАҚ СМУ-ң командасы «MedUse» II-орынға ие болды. Қатысушылар дипломмен, сыйлықтармен марапатталды!

Рубрикалар: Категориясыз