Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы сіздерді жазғы мектепке қатысуға шақырады

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы сіздерді жазғы мектепке қатысуға шақырады

Құрметті КеАқ «Семей медицина университетінің» білім алушылары және қатысқысы келетіндердің барлығы!

Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы сіздерді «Балалар жасындағы аурулардың заманауи аспектілері» тақырыбындағы жазғы мектепке қатысуға шақырады.

Оқытушылар:
Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенттері: Смағұлова А.Е., Шакирова А.А., Жанғалиева Г.М., Абаева Қ.Д.

Ұзақтығы:
16.06.2025 – 23.06.2025
Сабақ уақыты: 09:00–14:00
Кредит/сағат саны: 3 кредит / 90 академиялық сағат
Оқу формасы: Дәрісханалық
Өткізілетін орны: КеАқ «СМУ» УГ, балалар стационары, педиатриялық бөлім, №9 кабинет.
Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 14.06.2024 ж. дейін (WhatsApp арқылы еркін формада).

Мектеп бағдарламасына кіретін тақырыптар:

Балалардағы атопиялық дерматит: емдеу әдістері.
Жаңа туған нәрестелердегі экзантеманы дифференциалды диагностикалау.
Сирек (орфанды) ауруларды диагностикалау және емдеу.
Балалардағы жөтел: заманауи клиникалық ұсынымдар.
Балалардағы тері мен асқазан-ішек микрофлорасы.
Педиатр тәжірибесіндегі ревматикалық аурулардың симптоматикасы.
Мақсатты аудитория:
НАО «МУС» студенттері, интерн-дәрігерлер, резиденттер және педиатрияға қызығушылық танытатындар.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:

Шакирова Айжан Асқарқызы – 8 777 980 55 93 (WhatsApp)
Email: aizhan.shakirova@smu.edu.kz

Смағұлова Айман Ермекқызы – 8 702 682 37 68
Email: aiman.smagulova@smu.edu.kz