“СМУ” КеАҚ Times Higher Education Impact Rankings 2025 жаһандық тұрақты даму рейтингіне енді

“СМУ” КеАҚ Times Higher Education Impact Rankings 2025 жаһандық тұрақты даму рейтингіне енді

“Семей медицина университеті” КеАҚ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (Sustainable Development Goals, SDGs) қол жеткізуге бүкіл әлемдегі жоғары оқу орындарының үлесін бағалайтын Times Higher Education Impact Rankings 2025 беделді Халықаралық рейтингінің қатысушысы болғанын қуана хабарлаймыз.
Биылғы жылы рейтингке әлемнің 130 елінен 2 526 Университет қатысты.
Университеттің келесі ТДМ нәтижелері:
ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат (Good Health and Well-being)-601-800 позиция
ТДМ 4. Сапалы білім (Quality education) – 601-800 позиция
ТДМ 5. Гендерлік теңдік (Gender equality) – 1001-1500 позиция
ТДМ 8. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу (Decent Work and Economic Growth) – 1001 + позиция
ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік (Partnership for the Goals) – 1501 + позиция
The Impact Rankings дегеніміз не?
Бұл университеттердің қоғамға нақты ықпалын бағалайтын жыл сайынғы жаһандық рейтинг:
ғылымға қосқан үлесі;
тиімді басқаруды енгізу;
әлеуметтік және білім беру жобаларына қатысу;
жергілікті және жаһандық деңгейдегі қауымдастықтармен өзара әрекеттесу.
Осы рейтингке қатысу біздің әділ, инклюзивті және тұрақты қоғам құруға үлес қосуға дайын екендігімізді растайды. Университет жаһандық деңгейде орнықты даму және ынтымақтастық рухында білім беру, ғылыми және әлеуметтік бастамаларды дамытуды жалғастырады.
Осы нәтижеге қосқан үлесі үшін барлық қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге алғыс айтамыз. Біз тұрақты және жауапты болашаққа бағытталған бастамаларды дамыта отырып, алға жылжуды жалғастырамыз!