Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орын!!
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы қорытынды жасады. 2024 жылдың ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелері бойынша Қазақстанның барлық медициналық жоғары оқу орындары арасында біздің университет БІРІНШІ ОРЫНДЫ иеленді!
Белгіленген индикаторлар бойынша ЖОО-ны жоғары нәтиже көрсетті. Негізгі индикаторлар: Web of Science және Scopus басылымдары, патенттер мен қорғау құжаттары, ғылыми зерттеулерден түсетін табыс көлемі, ғылыми жұмыстарға дәйексөз келтіру және халықаралық конференцияларға қатысу. Бұл жетістік-біздің университетіміздің, ғалымдарымыздың, оқытушылар мен білім алушылардың тұрақты жұмысының нәтижесі!