Семей медицина университетінде 2025 жылғы түлектерді алдын ала бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Семей медицина университетінде 2025 жылғы түлектерді алдын ала бөлу жөніндегі комиссия отырысы өтті

Университет қабырғасында 2025 жылғы 20 маусымда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерді/жас мамандарды және философия докторларын (PhD) алдын ала бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 2023 жылдан бастап бұл функция жоғары оқу орындарына, ғылыми орталықтарға және ғылыми-зерттеу институттарына берілген болатын. Биыл комиссия құрамын ҚР ДСМ, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары, С.Қайырбекова атындағы ҰҚШҰО және «Атамекен» КП-ның өкілдерімен нығайтылған болатын. Осылайша, «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректорының бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның құрамы келесідей

Комиссия құрамы:

Комиссия төрағасы:

Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректоры

Комиссия төрағасының орынбасары:

Берікұлы Думан – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Дипломнан кейінгі білім беру және ұйымдастыру сұрақтары жөніндегі проректоры;

Комиссия мүшелері:

  1. Ержанова Фарида Нұрмұхамбетқызы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;
  2. Тұрысбекова Мөлдір Тұрысбекқызы – ғылым және адам ресурстары департаменті медициналық білім басқармасының сарапшысы;
  3. Сәтбекова Назар Несіпбекқызы – «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Денсаулық сақтау кадр ресурстары обсерваториясының бас маманы;
  4. Тұрарова Эльмира Мерхатқызы – «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ денсаулық сақтаудағы персоналды басқару және кадр ресурстарының мониторингі бөлімінің басшысы;
  5. Елтаева Гүлжанат Орынтайқызы – «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ облыстың медициналық ұйымдарын медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
  6. Хасенова Әлия Керімханқызы – «Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ адамми ресурстарын ұйымдастыру және мониторингілеу бөлімінің бас маманы;
  7. Ахметқалиева Райхан Қуанышбекқызы – Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №7 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  8. Байғалиева Фарида Әлімқызы-Абай облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің 1-санатты сарапшысы;
  9. Мұсабекова Жанна Әсемқанқызы – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының дипломнан кейінгі білім беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және мансап мектебінің деканы;
  10. Қайрханова Іңкәр Өкімханқызы – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике мектебінің деканы;
  11. Нұрахимов Нұржан Нұртасұлы – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы.

Комиссия хатшысы және баяндамашы:

Абраимова Қымбат Жеңісқызы – «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру және мансап маманы.

Комиссия оқудан босату мәселелерін, сондай-ақ түлектерді/жас мамандарды алдын ала жұмысқа бөлуін қарастырды. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 47-бабының 17-2-тармақшасына сәйкес жас мамандардың мынадай санаттарына пысықтау жөніндегі міндеттен босату беріледі:

1)жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткерген жері бойынша елді мекенде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда адамдарға;

2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

3) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға одан әрі оқу үшін түскен адамдарға;

4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған адамдарға беріледі.

 

Комиссия отырысына барлығы 2025 жылғы 483 түлек және өткен жылдардағы 12 түлек ұсынылды.

Комиссия келесі мәселелерді талқылады:

  1. 2025 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 47-бабының 17-2-тармағына сәйкес жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ өз бетінше тәрбиелеп отырған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтаған жас мамандарды грант өтелімі міндетінен босату.
  2. 2025 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған түлектерді медициналық ұйымдарына алдын ала бөлу.
  3. 2022 және 2024 оқу жылдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтаған жас мамандарды грант өтеу міндетінен босату және жұмысқа бөлу.

Бірінші мәселе бойынша шешім:

2025 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуын аяқтаған 112 жас маманды және өткен жылдардың 4 түлегін (2022, 2024жж), жүктілікке байланысты, сондай-ақ үш жасқа толмаған баласы (балалары) барлар және өз бетінше баланы тәрбиелеп отырған, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратура, докторантураға одан әрі оқу үшін оқуға түскен адамдарды жұмыс істеу жөніндегі міндеттен босату заңға сәйкес (тізім қоса беріледі).

Екінші мәселе бойынша шешім:

2025 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде медициналық мамандықтар бойынша оқуын аяқтаған 371 жас маман және 2024 оқу жылында оқуын аяқтаған 8 жас маман Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарына алдын ала бөлінсін.

Жарияланды:
Рубрикалар: Жұмыспен қамту