Бейімделу апталығы аясында «Медицина» мамандығы бойынша 1-курс студенттері 1123 және 1128 топтарымен бірге университет бойынша таныстыру экскурсиясына қатысты. Іс-шара куратор Алмагүл Бекенқызының жетекшілігімен өтті.
Экскурсия барысында бірінші курс студенттеріне университеттің тарихы, дәстүрлері мен жетістіктері туралы айтылып, негізгі кафедралар мен құрылымдық бөлімшелер таныстырылды. Бұл студенттердің университет құрылымын жақсы түсініп, жаңа оқу ортасына жылдам бейімделуіне ықпал етті.

