Медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.А.Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасында CBL сияқты белсенді оқыту әдістерін қолданып сабақтар мен дәрістер өткізу дәстүрге айналды, мұнда студенттер тек тыңдаушы ғана емес, белсенді қатысушылар болып табылады. Науқастың мәселелері мен клиникалық жағдайларды талқылау арқылы анатомия және физиология сұрақтары қарастырылады. Бұл студенттерге күрделі интеграцияланған тақырыптарды оңай түсінуге мүмкіндік береді. Дәрістер ОККМО жоспары бойынша жүргізілді.
«Жүрек анатомиясы, жүрек қызметінің реттелуі» Есболатова Г.М. және Рахыжанова С.О., 09.11.2025 қазақ бөлімінің студенттеріне арналған, 2 ағым
«Қан тамырларының анатомиясы мен физиологиясы, функционалдық сипаттамасы және гемодинамика принциптері» Есболатова Г.М. және Рахыжанова С.О. – 2025 жылдың 16 қыркүйегінде қазақ бөлімінің студенттеріне арналған, 1 ағым
«Қан тамырларының анатомиясы мен физиологиясы, функционалдық сипаттамасы және гемодинамика принциптері» Қожанова С.К. және Рахыжанова С.О. – 2025 жылғы 18 қыркүйегінде орыс бөлімінің студенттеріне арналған

