Нефрология резиденттерінің күнделікті жұмысы

Нефрология резиденттерінің күнделікті жұмысы

«Ересектер мен балалар нефрологиясы» оқу бағдарламасының резиденттері үшін жаңа оқу жылы клиникалық тәжірибеге толықтай енуден басталды. Семей қаласының «Бүйрек орталығының» нефрология бөлімінің меңгерушісі, тәжірибелі дәрігер, администратор және клиникалық тәлімгер Венера Джумахановна Оролтаева апта сайынғы дәстүрлі қарауда нефрологиялық науқастарды емдеу ерекшеліктерімен резиденттерді таныстырды. Қарау барысында Венера Джумахановна әртүрлі аурулардың негізгі белгілеріне тоқталып, диагностикалық және емдік шараларға ұсыныстар берді. Қараудан кейін бірнеше клиникалық жағдай ұсынылды. Тыңдаушылар өз сұрақтарына жауап алды. Резидентура тәжірибесінің бөлігі болып табылатын «науқастың төсегі манында» оқытудың бұл түрі тыңдаушылардың коммуникативті және кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы, Профилактикалық нефрология мектебі

Рубрикалар: Оқу процесі