«Электронды темекі мен энергетикалық сусындардың зияны» — жоғарғы сынып оқушыларына арналған профила

«Электронды темекі мен энергетикалық сусындардың зияны» — жоғарғы сынып оқушыларына арналған профила

2025 жылғы 23 қыркүйекте дарынды балаларға арналған Облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында 10–11 сынып оқушыларына «Электронды шылым және энергетикалық сусындардың зияны» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараны КеАҚ «СМУ» Өскемен филиалының 728-топ дәрігер-интерндері куратор Асель Жанатовнаның қолдауымен өткізді. Кездесудің мақсаты-жасөспірімдердің вейп пен энергетикалық сусындарды тұтынудың денсаулыққа тигізетін қауіптілігі туралы хабардарлығын арттыру.
Дәріс барысында оқушыларға:
* электронды шылымның никотин мен химиялық қоспалардың тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесіне әсері;
* энергетикалық сусындарды жиі тұтынудың жүрек пен жүйке жүйесін шамадан тыс жүктейтіні;
* мұндай өнімдерді жиі пайдаланатын жастар арасында кездесетін нақты аурулар мысалдары туралы айтылды.
Оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және зиянды әдеттерсіз сергек болудың тәсілдерін талқылады.
Кездесу қорытындысында мектеп оқушылары маңызды ақпарат алғандарын және салауатты өмір салтын таңдау үшін ынталанғандарын атап өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз