Респираторлық инфекциялардың алдын алу бойынша семинар

Респираторлық инфекциялардың алдын алу бойынша семинар

03.10.2025 ж. жедел жәрдем қызметінің Әуезов қосалқы станциясында медицина қызметкерлеріне “Тұмау, ЖРВИ және COVID-19: БМСК кезеңінде диагностика және емдеу” тақырыбында семинар өткізілді. Дәріскерлер әлемде, ҚР-да және Абай облысында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндап, адамдардың тұмауға бейімділігі абсолютті екенін атап өтті. Клиника, ЖРВИ мен тұмауды диагностикалау және алдын алу, қауіп тобындағы адамдарда осы инфекциялардың ағымының ерекшеліктері туралы айтылды. Семинар соңында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алуға баса назар аударылып, алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация болып табылатыны атап өтілді.
Маукаева С. Б., Смаил Е. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз