Болашақ дәрігерлерге — қауіпсіз тәжірибе алаңы

Болашақ дәрігерлерге — қауіпсіз тәжірибе алаңы

Семей медицина университетінің Оқу-клиникалық орталығында заманауи жабдықтармен және жоғары технологиялы робот-симуляторлармен жабдықталған интенсивті терапияға арналған симуляциялық палата ашылды. Бұл құрылғылар түрлі ауыр жағдайларды модельдеуге мүмкіндік береді, соның арқасында білім алушылар нақты клиникалық тәжірибеге барынша жақын жағдайларда пациенттерді жүргізу бойынша практикалық дағдыларын қауіпсіз түрде шыңдай алады. Жабдықтар ересектер мен балаларға жедел жәрдем көрсету және интенсивті терапия жүргізу бойынша клиникалық практикада болуы ықтимал жағдайларға барынша жақындатылған симуляциялық оқытуға арналған.

Ашылу рәсіміне Университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Алтай Дюсупов, «Виртумед» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры, Ресейдің медициналық симуляциялық оқыту қоғамының басқарма мүшесі, симуляциялық оқыту маманы, анестезиолог-реаниматолог Анатолий Веревкин, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серікжан Ботабаев, сондай-ақ Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков қатысты.