Университет госпиталінде жаңарту кезеңі

Университет госпиталінде жаңарту кезеңі

Университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Алтай Дюсупов Университет госпиталіне барып тамыз айынан бері жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Басты мақсат – пациенттерге, келушілерге және қызметкерлерге қолайлы жағдай мен инфрақұрылым қалыптастыру.
Қазіргі таңда емхана ғимаратының қасбетін күрделі жөндеу, ішкі әрлеу жұмыстары, жылу оқшаулау, асфальт-бетон жабындысын төсеу, дәріхана қоймаларын жөндеу, инженерлік желілерді ауыстыру секілді жұмыстар атқарылуда. Мұнымен қатар, балалар және ересектер стационарларының қасбеттерін ағымдағы жөндеу аяқталуға жақын.