Университетте «Ұлттық диктант» жобасы өткізілді

Университетте «Ұлттық диктант» жобасы өткізілді

Биыл, 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақста халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылған «Ұлттық диктант» жобасына Семей медицина университетінің ұжымы белсенді түрде қатысты.
«Халықаралық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл жоба мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталған.
Семей медицина университетінде өткен диктантқа әкім-басқару, профессор-оқытушылар құрамынан 480-ге жуық адам, 470-ке жуық студент қатысып, өздерінің қазақ тіліне деген құрметін, тілдік сауаттылығын және азаматтық белсенділігін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін сезініп, жазу мәдениетін дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Университет ұжымы бұл бастаманы қолдай отырып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосуды, ұлт руханиятын дәріптеуді маңызды міндет деп санайды. Тіл – ұлттың жаны, рухы, болмысы. Сондықтан мұндай жобалар білім ордасының рухани-мәдени өмірінде ерекше орын алады.
«Ұлттық диктант» жобасына белсенді түрде қатысқан барлық қызметкерлер мен студенттерге алғыс білдіреміз!