25 қазан күні қазақстандықтар Ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді.
Дәл осы күні, 1990 жылы, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы маңызды қадамы болған Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданды.
2025 жылғы 20 қазан мен 1 қараша аралығында университет кітапханасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты әдеби көрме өтеді.
Көрмеге қойылған кітаптар мен басылымдарда 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған “Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан” кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салаларында – саясатта, экономикада, мәдениет пен өнерде орын алған өзгерістер туралы мәліметтер берілген.
2025 жылғы 24 қазанда сағат 11:00-де кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Қ. Нұрқасыммен кездесу өткізіледі.

