Біз, Семей медицина университетінің 3 курс студенттері, қазіргі таңда әскери кафедрада білім алып жүрген жастармыз.
Біздің барлығымыз үшін Республика күні – ерекше мәнге ие мереке. Бұл күн -еліміздің егемендігі мен бірлігінің, рухының және болашаққа сенімінің символы
Болашақ дәрігерлер мен офицерлер ретінде біз ел алдындағы жауапкершілігімізді терең сезінеміз.
Біздің парызымыз – халқымыздың денсаулығын қорғау ғана емес, Отанымыздың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін сақтау ісіне өз үлесімізді қосу.
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің мақтанышымыз.
Біз бірлікті, татулықты және өз ісіне адал еңбекті басты құндылық деп білеміз. Республика күні – осы қасиеттердің барлығын бойымызға сіңіріп, болашақ ұрпаққа жеткізуге шабыттандыратын күн.
Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!
Бірлік пен бейбітшіліктің туы әрқашан биік желбіресін!
Ануархан Акерке. 3515
Берикканова Нурай. 3319
Баширханова Адема. 3431

