Университетімізге танысу мақсатымен Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Свапнил Шарад Котаваде (Kothawade Swapnil Sharad) келді.
Құрметті мейманмен кездесу барысында Басқарма төрағасы-ректор Алтай Дюсупов оқу орнының тарихы, қазіргі даму бағыттары, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдары, Шетелдік білім алушылармен жұмыс мектебі жайлы айтып берді. Әңгіме барысында екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Мұнымен қатар, Бас консул университетте білім алып жатқан Үндістаннан келген студенттермен жүздесті. Кездесу барысында студенттер өздерінің оқу барысы жайлы айтып қойған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

