«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» байқауы өтті

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» байқауы өтті

Университетте профессорлық-оқытушылық құрам арасында жыл сайын өтетін университетішілік «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – білім беру, ғылыми және әдістемелік қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқытушыларды анықтау.

Эксперттік комиссия қатысушылардың конкурс материалдарына жан-жақты бағалау жүргізді. Эксперттік бағалау нәтижелері негізінде конкурс комиссиясының отырысы өткізіліп, байқау жеңімпаздары анықталды.

Комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар:

1.Шалгумбаева Гульнар Металловна – жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы, Семей қ. қауымдастырылған профессоры;

2.Шаханова Айжан Тунгышхановна – ішкі аурулар және ревматология кафедрасы қауымдастырылған профессоры;

3.Горемыкина Майя Валентиновна – ішкі аурулар және ревматология кафедрасы профессоры;

4.Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна – қоғамдық денсаулық кафедрасы профессоры;

5.Искакова Назым Серикановна – қоғамдық денсаулық кафедрасы аға оқытушысы, PhD;

6.Мукашева Гүлбаршын Дарынқызы – эпидемиологии және биостатистика кафедрасы аға оқытушысы, PhD;

7.Алимбаева Алия Рахметуллиновна – медициналық оңалту және неонатология кафедрасы қауымдастырылған профессоры;

8.Жуманбаева Жанар Махмутовна – мейіргер ісі кафедрасы қауымдастырылған профессоры.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметтерінде табыс, шығармашылық шабыт және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

Тіркелген құжаттар

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз